Алматыда VIII халықаралық «Байқоңыр» фестивалі өтіп жатыр

08.09.2023 23:21

6-10 қыркүйек аралығындағы фестивальде Корей анимациялық күні аталып өтіледі

Almaty.tv

Мәдени астанада 8-халықаралық «Байқоңыр» фестивалі өтіп жатыр. Талантты киноматографистерді қолдауды мақсат еткен іс-шара аясында бірқатар байқау қатар өтпек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде көркем және деректі қысқаметражды фильмдер ұлттық әрі, халықаралық бағытта бақ сынайды. Сондай-ақ 6-10 қыркүйек аралығындағы фестивальде Корей анимациялық күні аталып өтіледі.

– Фестиваль аясында анимациялық фильмдер байқауы және де ТМД елдерінің кинотанушылары мен киносыншыларының халықаралық форумы аталып өтіледі. Сонымен қатар авторлық лекциялар, шеберлік сағаттары, кинотанушылардың талдауы өтпек, – деді кинотанушы Ержан Жұмабеков.

Оқи отырыңыз: М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 98-мауысымын ашты