Сабыр Мәмбеев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

02.05.2024 23:21

Ол Қазақстан суретшілер одағын 20 жылдан астам басқарды

Almaty.tv

Қазақстан бейнелеу өнеріне өзіндік қолтаңба қалдырып кеткен суретші Сабыр Мәмбеев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол – қазақ көркем өнеріне жаңашылдығымен, тұнық бастау бұлағындай шығармаларымен көктем лебін әкелген алыптардың бірі. Суретшілер одағын 20 жылдай басқарған Сабыр Әбдірәсілұлы қазақ руханиятына да аямай еңбек етті. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген замандастары да Сабыр Мәмбеевтің сабырлығын айтып, автордың жауһар туындыларын тағы бір мәрте еске түсірді.

– Сабыр Әбдірәсілұлы – Қазақстан бейнелеу өнеріне көп еңбегі сіңген азамат. Қазақстан суретшілер одағын 20 жылдан астам басқарды. Суретшілерге шеберханалар, тұрғын үйлер салынды. Ол басқарған жылдарды «алтын кезең» деп айтуға болады, – деді ҚР Суретшілер одағының басқарма төрағасы Өмірбек Жұбаниязов.

Оқи отырыңыз: Балбал тас: алматылықтар ақын өлеңдерін талдады