Еуразия ұлттық университетінде Шыңғыс хан туралы кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еңбекте түркі тайпаларының пайда болу уақыты туралы жаңа мәліметтер келтірілген. Жаңа басылымда авторлар Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары билік құрған кезеңнің тарихи дерегін жинап, ретке келтірген. Авторлардың бірі – басқа еңбектерден аударма жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кеңесінің мүшесі Зарипбай Оразбеков. Ал мемлекет және қоғам қайраткері Ержан Исақұлов кітаптың қалған бөлігін өзі жазып шыққан.
«Қолжазба жобалары кітапқа айналуы үшін 1 жыл қажет болды. Онда Зафарнам, Шараф ад-Дин, Али язДи, Тарих-и Рашиди және Мұхаммед Хайдар Дулатидің XVI және XV ғасырларда жазылған шығармаларынан материал қолданылады. Бұл дереккөздердің көпшілігі Еуразия тарихының моңғол және моңғол кезеңдеріне дейін созылады», – дейді кітап авторы Ержан Исақұлов.
Шыңғыс хан туралы кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Ол бір томнан, 560 беттен тұрады. Басылымда ұлы ханның шежіресі, туған жері туралы зерттеулер, ғалымдардың топографиялық жазбасы көрсетілген.
«Бұл жұмыстың ерекшелігі – шынайы ақпарат. Аталған еңбек нақты материалдарға негізделген. Оның үстіне ортағасырлық авторлардың еңбегінен аударма жасалып алынған. Автор көптеген қызықты идеяны ұсынады. Тілі өте түсінікті. Менің ойымша, бұл кітап оқырмандары үшін өте қызықты болады», – дейді тарих ғылымдарының докторы Гүлнәр Мұсабалина.