Алматыда театр және кино актерлеріне «Асанәлі» сыйлығы берілді

Алматыда театр және кино актерлеріне  «Асанәлі» сыйлығы берілді
Жеңімпаздарға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстанның Халық әртісі, театр және кино актері Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына арналған «Аңыз Асанәлі» атты салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтау сөздерін айтты. Салтанатты шараға мәдениет қайраткерлері, ақындар, жазушылар қатысты.

Кештің басты оқиғасы «Асанәлі» сыйлығымен марапаттау болды. Қазақстандық кинематографтың мэтрі құрметіне тағайындалған марапат бес номинация бойынша берілді. 

Азамат Сатыбалды үздік киноактер атанды, театрдың үздік актері – Зарина Кармен, үздік кинорежиссер – Әділхан Ержанов атанды.

Үздік театр режиссері – Гаухар Адай және «Театр және кино өнеріне қосқан үлесі үшін» сыйлығын Лидия Каденова алды.

 Жеңімпаздарға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.


Новости партнеров