Голливудтық «Алладин» көркем фильмі қазақ тілінде көрсетіле бастады

Кадр из к/ф "Аладдин"
Кадр из к/ф "Аладдин"
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ тіліне аударылған Голливудтың «Алладин» көркем фильмі отандық кинопрокатқа шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыдан 8 жыл бұрын америкалық фильмдерді дубляждай бастаған «Болашақ» корпоративтік қорының бұл төл тілімізге тәржімалаған 29-шы голливудтық өнімі екен.

Оқиға желісі Алладиннің Жасмин ханшайымға үйленіп, ханзада болғысы келетіндігінен бастау алады.

Шым-шытырыққа толы туындыны еліміздің барлық кинотеатрларынан өз ана тілімізде тамашалай аласыздар. Бүгінгі алдын-ала көрсетілімге қатысқан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек болса, үздік фильмдерді қазақша аудару қарқыны болашақта бәсеңсіп қалмаса екен деген тілек білдірді. Әкім бастысы бұқараға сапалы дубляж ұсыну екенін ескерте кетті.

«Біздің ойымызша, өнім осындай сапалы деңгейде аударылуы керек. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында бұған аса қатты назар аударды. Киноның, жалпы телевизияның мәдениеттегі, адамның сана-сезімін өзгертудегі рөлі өте жоғары. Сондықтан біз жастарымыз бен балаларымызға осындай контент ұсынып, қазақ тілін үйренуге деген құштарлығын арттыруымыз керек», – деді қала әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Новости партнеров