Жақсылық жасау үшін мүмкіндік күтудің қажеті жоқ. Көшеде жатқан тас пен темірді шетке шығару, сынған әйнекті жинау, қарды күреу, жол жиегіндегі қауіпті затты алып тастау – бәрі де сауапты іс, деп хабарлайды Almaty.tv.
Исламда жолдағы кедергіні жою – иманның белгісі ретінде бағаланған.
«Иманның жетпістен аса тармағы бар… оның ең төменгісі – жолдан кедергіні алып тастау» деген Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) (Сахих Муслим).
Бұл хадис – кішкентай көрінген іс те Алланың алдында үлкен сауапқа себеп болатынын аңғартады.
Неге бұл маңызды?
Кейде біз коммуналдық қызметтің жұмысы деп ойлаймыз. Бірақ ізгілік кезек күтпейді.
Рамазан айында немесе кез келген уақытта жасалған ізгі әрекет сауаптың еселенуіне себеп болады.
Жол шетіндегі қауіпті затты жою арқылы жолаушы аман алып қалатыныңызды ұмытпаңыз!
Оқи отырыңыз: Рамазан: себепсіз сый – шынайы құрмет