Алматыда Серікбай Әлжанның жеке көрмесі ашылды

27.01.2023 23:43

Көрмеге қылқалам шеберінің180-ге жуық туындысы қойылған

Almaty.tv

Алматыда тың идеясы ерекшеленген суретші Серікбай Мүбаракұлының жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда қылқалам шеберінің тарих пен халық тағдырына арнаған 180-ге жуық туындысы қойылған. Автор мұндағы картиналарды 2 жыл ішінде салған. Серікбай Мүбаракұлы өз шығармашылығымен айналысумен қатар, 48 жылын шәкірт тәрбиелеуге арнапты. Ұлттық бейнелеу өнерін жаңғыртуға сүбелі үлес қосқан суретшінің кескіндеме жұмыстары еліміздегі мұражайлардан бөлек, Лондондағы Қазақстан музейінің және шетелдік жеке көркемдік топтамаларына да енген.

«Мен тарихи тұлғаларды, оқиғаларды салғанды ұнатамын. Мағжан Жұмабаевтың суреті қазір Петропавл музейінде тұр», – деді ҚР суретшілер одағының мүшесі Серікбай Әлжан.