Биыл Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толды
Almaty.tv
Халық батырының құрметіне орай Алматының мемлекеттік орталық музейінде әдеби-сазды кеш өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлт-азаттық көтерілістің бас сардары Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толды. Халық батырының құрметіне орай Алматының мемлекеттік орталық музейінде әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара барысында түрлі фотосурет қойылған көрме тағылымы тарихтан мол сыр шертті. Жиынға батырдың ұрпақтары мен қоғам қайраткерлері қатысып, өз құттықтауын жеткізді. Жиналғандар әдеби-сазды кеш жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, өткенін ұмытпауға үлесін қосатынына сенімді.
«Ол кісінің ерен еңбегі – жас ұрпаққа үлгі. Сондықтан да, бұндай іс-шараларды жиі өткізу керек. Жетісу өңірінде де батыр көп. Жас ұрпаққа тәрбие болады деп ойлаймын», – деді А. Имановтың ұрпағы Салтанат Сұлтанова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
07.11.2026 09:20
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34