Нұр-Сұлтан қаласында «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмінің тұсаукесері өтті

almaty.tv
almaty.tv
Өмірімдегі ең жақсы жұмыстардың бірі деп санаймын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Алтын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген туындыны түсіруге 19 ай кеткен. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде фильмнің режисері, украниналық маман Игорь Лопатенок мәлім етті.

«Біз бірнеше сұқбат сессияларын өткіздік. Осыдан кейін бүкіл ел көлемінде экспедиция жасауды жоспарладық. Өкінішке қарай, экспедиция пандемияға байланысты үзіліп қалды. Бірақ бұл жайт бізді тоқтата алмады. Инфекциядан қорыққанымызбен, өз ісімізді де жалғастыруымыз керек. Біз бұл фильмді түсіруге бар күшімізді жұмсадық. Өмірімдегі ең жақсы жұмыстардың бірі деп санаймын», – деді «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмінің режисері Игорь Лопатенок.


Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Оливер Стоунның таңдауы Орталық Азия елдерінен Елбасыға түскенін айтты. Оливер Стоун бұрынғы Кеңестер Одағындағы Орталық Азия мемлекеттерін осыған дейін жан-жақты зерттеген. Әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген.

«Бізде Ұлы далада, Қазақ елінде қалыптасқан бір жақсы дәстүр бар. Ол «Еліңде кімің бар» деп сұрақ қою. Өйткені әр елдің келбетін оның табиғатының ландшафты емес, жерастының байлығы емес, тұлғалары, қабырағалы азаматтары қалыптастырған. Сол тарихи тұлғалардың ізінде орны ерекше, тәуелсіздіктің көк байрағын аспанға көтерген, ең қилы кезеңдерде халқымыздың ортасынан шыққан тарихи тұлға, ғаламдық саясаткер Нұр-Сұлтан Әбішұлының болуы бұл халқымыздың ниетіне және Алла тағаланың қазақ халқына үлкен қамқорлығы деп білеміз»,  деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Ал Оливер Стоунның айтуынша, америкалық сарапшылар Қазақстанның әлеуетін жақсы біліп отыр. Қазақстан барлық серіктестерімен достық қарым-қатынаста деген жоғары бағасын да берді.

«Сізге Қазақстанды түсіну қиын болуы мүмкін, бірақ бұл әлемнің болашағы үшін өте маңызды ел. Қазақстанда талантты адамдар көп. Бұл өте прогрессивті ел. Өткен ғасырдың 90- жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда да үлкен өзгерістер болып жатқанын көріп отырмыз. Бұл -  үлгі болатын мемлекет» деді  кинорежисер Оливер Стоун.


Новости партнеров