|
31.07.2024 | 18:53
44

Рүстембек Омаров тұрған үйдің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды

Ол - Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген өз ісінің хас шебері

Рүстембек Омаров тұрған үйдің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды Almaty.tv

Атақты күйші-домбырашы Рүстембек Омаровтың 105 жылдығы республика көлемінде атап өтіліп жатыр. Атаулы датаға орай Алматыда нар тұлға тұрған үйдің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға жиылған жұрт дәулескер домбырашыны еске алып, жақсы естелік айтты.

– Қаршыға Ахмедияровты тәрбиелеп шығарды. Рүстембек Омаров Құрманғазы оркестріне келгенде 11 домбырашы болған. Сол кезден бастап біраз домбырашыларға ұстаздық еткен. Ол – мықты орындаушы, күйші, Құрманғазы күйлерін жеткізушісі, – деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Рүстембек Омаров – қазақ халық күйлері мұрасын, әсіресе Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген өз ісінің хас шебері. Бүгінгі еске алу іс-шарасына дауылпаз күйшінің жерлестері де қатысып, кіндік қаны тамған жерінен бір уыс топырағын ала келген.

– Павлодар облысында Иса Бaйзаков атындағы облыстық филармонияның жанында ашылған ұлттық аспаптар оркестріне осы кісінің есімі берілген. Аққулы ауданындағы өнер мектебіне де Рүстембек Омаровтың есімін беру мәселесі қарастырылып жатыр. Жуырда іске асады деп үміттенеміз, – деді Павлодар облысы Аққулы ауданының мәслихат төрағасы Алма Қасымова.

Оқи отырыңыз: Әйелін өртеп жіберген Тараз тұрғыны өзіне қол жұмсады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир