Әйелін өртеп жіберген Тараз тұрғыны өзіне қол жұмсады

elements.envato.com
elements.envato.com
Оның денесі өз үйінің маңынан табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда түрмеден шыққан тұрғын әйелін тірідей өртеп жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұбайымен жанжалдасқан ол алдымен келіншектің үстіне бензин құйып, от жаққан. Кейін үйімен бірге жағып жіберіпті. Адам шошырлық жағдай кеше сағат 23:00 шамасында Шалғай Қарасу тұрғын үй алқабында болды. Денесі толықтай күйген 44 жастағы келіншек ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. 

Ал өз отауын өртеген 54 жастағы күдікті үйіне жақын жерден өлі табылды.

– Таразда бас бостандығынан айыру орындарынан жуырда ғана босатылған 54 жастағы ер адам әйелімен тұрмыстық жанжал кезінде үйін өртеп жіберген. Денесін күйік шалған әйел ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға орыннан жақын маңнан өлі күйінде табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол салған. Аталған дерекке қатысты қажетті сараптама тағайындалды, – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің ресми өкілі  Құндыз Бөгенбаева.    

Оқи отырыңыз: Түркістанда 153 миллион теңге қарызы бар азамат анықталды

Новости партнеров