Сайыс күміс көмей әншінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр
Франция, Ресей, Италия, Чехия сынды елдерден келген қазылар алқасы бағалайды. Оған Қазақ бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова төрағалық етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Биыл сайыста әлемнің 10 елінен жалпы саны 56 әнші бағын сынамақ. Үздік орындаушыны анықтайтын музыкалық дода 14 қыркүйекте басталады. Сайыс қазақ халқының мақтанышы, күміс көмей әншінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
«14 қыркүйектен бастап сайыскерлер келеді. 15-іне жеребе тастайды. Жыл сайын осы Қазақстанда болғаннан кейін ұлттық нақыштағы кәдесый қоямыз. Бірінші рет «Алтын адам» болды, халықаралық көрмеде 2017 жылы көрменің символын бердік. Енді алтын асық бердік», – деді КСРО және Қазақстанның Халық артисі Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА.