«Қазақтелефильм» студиясына ескерткіш тақта орнатылды

12.12.2019 00:02

Студия ашылғалы бері 3000-ға жуық деректі, ғылыми-көпшілік фильмдер түсірілген

arhiv.kp.kz

Биыл аталған студияға тура 50 жыл толды. Айтулы шараға сол кезде жұмыс істеген әріптестер жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Студия ашылғалы бері 3000-ға жуық деректі, ғылыми-көпшілік фильмдер, және күнделікті шығып отыратын бағдарламалар түсірілген.

«Бұл енді 50 жылдықтағы ұмытылмайтын істердің бірі деп есептеймін. Сондықтан алдағы уақытта мұндай жұмыстарды жалғастырып тұру керек. Өйткені біз «Қазақтелефильм» студиясында істеген ардагерлердің әрбірі мақтауға, мақтануға тұрарлық», - деді филология ғылымының докторы, профессор, телетанушы Құдайберген ТҰРСЫН.