Ауруханада науқастарға ән айтып берген журналист көпшілікті тәнтті етті

02.10.2021 00:08

Келіншектің видеосы әлеуметтік желіде тез тарады

Ауруханада науқастарға ән айтып берген журналист көпшілікті тәнтті етті, деп хабарлайды Almaty.tv

Коронавирус жұқтырып, ауруханада ем қабылдап жатқандарға көңіл күй сыйлаған келіншектің видеосы әлеуметтік желіде тез тарады.  

Желі қолданушылары оның өнерін оң бағалап, мақтау сөздерді жаудырып жатыр. Көпшілік бастапқыда оны дәрігер екен деп ойлапты. Фариданың сол өңірде қайырымдылық клубы да бар көрінеді. Белсенді жастардың басын қосқан ол осындай шараларды көптеп ұйымдастыратынын айтады.