|
22.12.2021 | 19:19
2198

Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы қазақ тілінде қайта жаңғырды

Алматыда «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» атты монографияның тұсауы кесілді

Әл-Фарабидің музыкалық мұрасы қазақ тілінде қайта жаңғырды Almaty.tv

Ғұлама ғалым әл-Фарабидің музыкалық мұрасы қазақ тілінде қайта жаңғырды. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада ғалымның туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» атты монографияның тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

400-ге жуық беттен тұратын кітаптың авторы Сағатбек Медеубекұлы тарихи еңбекті жазарда бұрын-соңды жарық көрген басылымдарды саралағанын айтады. Нәтижесінде, қазақтың музыкалық аспаптарының сұлбасын тауып, оның құрылымы мен қалай жасалғанын зерттеген екен.

«Біздің зерттеуімізге, сараптауымызға талпыныс пен құлшыныс берген нәрсе – музыка туралы кітаптың қазақ тіліндегі аудармасы. Сол кітаптың ішіндегі айтылған ойлармен таныса отырып, өзіміздің ұлттық аспаптарымызды таныстыруды мұрат тұттық. Негізгі ерекшелігі сол, қазақтың ұлттық саз аспаптарымен салыстырыла, сарапталады», – деді «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» монографиясының авторы Сағатбек Медеубекұлы.

Автордың айтуынша, монография әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабының» негізінде жазылған. Бұл өз кезегінде қазақстандық оқырмандарды ғұлама ғалымның еңбегімен танысып, тарихты ұлағаттауға үйретеді дейді. Осы ретте ескі заманғы басылымда қазақтың саз-сырнайы мен жетіген, қобыздың суреттері табылғанын ерекше айтып кеткен жөн. Жиын барысында дәл осы ұлттық аспаптар көптің көзайымы болып, жиылған қауымға әсем әуендер тарту етілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир