Шымкенттік әнші, сазгер Роза Есенгелдиева Алматының туған күніне орай кітап тарту етті. Бүгін осы уақытқа дейін көпшілікке таныстырылмаған туындының ресми түрде тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Автор бұл дүние жастарға рухани азық болатынына сенімді. «Іздеген жетер мұратқа» деп аталатын кітап ішінде 60-тан астам ән мен қысқа әңгімелер жинағы бар. Таралымы 1000 тираж туынды Алматы кітапханаларының сөресіне қойылмақ.
«Қазіргі уақытта жастар жеделдету заманында сабырсыз. Содан кейін отбасына деген жауапкершілік жоғалып бара жатқандай. Бүгін сүйдім, ертең көңілім қаламайды дегендей. Отбасына жауапкершілікпен қараса, қандай қиындық болса да төзе білсе, сабыр деген нәрсені түсіне білсе, барлығы жақсы болады», – деді әнші, сазгер Роза Есенгелдиева.