Абылай хан монументін тұрғызуға 7 миллион доллар қаражат қажет

29.02.2020 00:22

Монументін тұрғызуға халықтың көмегі керек

Фото Казинформ

Абылай хан монументін тұрғызуға халықтың көмегі керек. Оны көтеруге қажетті 7 миллион доллар қаражат тек краудфандинг, яғни асар арқылы жиналатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Монумент Бурабай курорттық аумағына жақын орналасқан Кенесары ауылында қойылады деп күтілуде. Ал жобаны жүзеге асыруға бүгін халықаралық байқау жарияланды. Осылайша 5 үздік жоба іріктеліп, авторларына макет жасау үшін тиісті қаржы бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық коғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Арман Шораев мәлімдеді.

«Ертеңнен бастап халыақаралық ашық конкурс жариялап отырмыз. Кейбір сәулетші мен мүсіншілермен кездестік. Олар ханның отырғаны емес, тұрған түрі тәуірлеу болар еді деген сияқты. Қыста 30 метр бір секундына жел болып тұрды. Сондықтан тек қана орнатсақ, кәдімгі эйфель мұнарасы сияқты бір жыл емес бірнеше ғасыр тұратын сондай бір ғимарат болуы керек», – деді Арман ШОРАЕВ.