«Алматы» телеарнасының эфирінен «Бақыттымын өзіңмен» телехикаясын өткізіп алмаңыз

05.10.2021 00:23

«Алматы» телеарнасының төл туындысы Тәуелсіздік жетістіктерін насихаттайды

Телехикаядан кадр

«Алматы» телеарнасында – тұсаукесер! Бүгіннен бастап арнаның төл туындысы «Бақыттымын өзіңмен» телехикаясының көрсетілімі басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.                                                                                     

Жаңа жоба Тәуелсіздік жетістігін насихаттайды. Романтика әрі комедия жанрында көрніс тапқан телехикаяда бір қаладағы бірнеше кейіпкердің өмірі арқылы елдің 30 жыл ішінде қалай дамығаны, қандай биіктерге жеткені көркем суреттеледі. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы жас отбасының бастан өткен қиын-қыстау кезеңі, махаббат пен үміті сипатталады. Шытырман оқиғаға толы драманы бүгін арнамыздан сағат 20:40-та тамашалай аласыздар.  

«Мен қазір Серік деген кейіпкердің әйелі – Сандуғашты ойнаймын. Екеуі біраз кездесіп жүреді. Содан соң сол бір қиын шақта қыздың аяғы ауыр болып қалады. Бірақ ата-анасы қызын ол жігітке бергісі келмейді. Соңында махаббат жеңіп шығып, екеуі қосылады. Өзімнің рөлім өте ұнайды. Мінезі жағынан да маған мүлдем ұқсамайды. Сол жағынан өзіме тәжірбие алып жатырмын», – дейді актриса Таңшолпан Нұртілеуқызы.

Айта кетейік, сериал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен түсірілген. 10 сериядан тұрады. Режиссердің айтуынша, актерлік құрамның бәрі – кәсіби мамандар.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көптеген жарлығын қолдана отырып, Әйбек достарына Қазақстанның сол заманда дамып кеткенін көрсетеді. Оны қарапайым халық біле бермейді. Ал оқыған адам соның бәрін біледі. «Бақыттымын өзіңмен» телехикаясын «Алматы» телеарнасынан тамашалаңыздар!», – дейді актер Елдос Шәкен.