Алматыда «Жаңа ғасыр» театры жаңа маусымның шымылдығын түрді

13.10.2022 в 00:27

Бесінші маусымда сахна саңлақтары «Тағдыр тақтасы» деректі драмасын ұсынды

Алматыда «Жаңа ғасыр» театры жаңа маусымның шымылдығын түрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жастардан құралған ұжымға көзі тірісінде аңызға айналған тұлға, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов жетекшілік етеді. Бесінші маусымда сахна саңлақтары «Тағдыр тақтасы» деректі драмасын ұсынды. Салтанатты кеште еліміздің зиялы қауымы, қазақстандық театр және кино саласының үлкені мен кішісі жиналды. Ұлағатты ұстаз өзінен өнеге алған актерлердің өнерге жол тартып, өз көрерменін тапқанына дән риза.

«Жаңа ғасыр» деп аталған театр, қаланың жас театры. Бір бітірген студенттер театр құрған. Биылғы бітірген балалардан тағы 4-5 алғанбыз. Сонымен толығып жатыр. Театрдың құрамы жақсы. Бірақ көп дүние жетпей жатыр. Өздерінің негізгі орны болмай жатыр», – деді КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов.