Мәдени кеш қала тұрғындарына арнайы ұйымдастырылды
Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының алдында тұрғындарға арналған мәдени кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматының төрінде ұйымдастырылған іс-шарада әлемдік классикалық туындылар орындалып, әндер шырқалды. Дүйім жұртқа есімі мәлім композиторлар, симфониялық оркестр өнерін паш етіп, тыңдарман қауымды ерекше ықыласқа бөледі.
«Классикалық өнерді халық түсінбейді» деп жатады. Бұл–- жансақ пікір. Бүгінгі, кешегі, алдыгүнгі халықтың жиналысы бұл ойды жоққа шығарып отыр», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлзат Дауырбаева.