Алматыда қала күніне орай этнофестиваль өтеді
Алматыда 2-3 қыркүйекте «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында «Ұлы дала - көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара «Алматы-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасы аясында қала күніне орайластырылды.
Фестиваль аясында этномузыканттардың қойылымдары, қолөнершілердің шеберлік сағаты, шетелдік және қазақстандық дәстүр сақтаушылардың орындауындағы көшпенділердің жауынгерлік өнері көрсетіледі.
Барлық қатысушы үшін кіру тегін.
Өтетін орны мен күні: 2 қыркүйекте сағат 10:00 «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі.
Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін 2-3 қыркүйекте сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қаладан Байтұрсынов көшесімен, Абай даңғылына (Астана қонақүйіне қарама-қарсы) жетпей, Алматы -1 теміржол вокзалынан, Н. Сац атындағы «Балалар мен жасөспірімдер театрынан» және «Алатау» дәстүрлі өнер театрынан арнайы автобустар қатынайды.