Алматыда Ғанижамал Әбілдинаның «Жүрек-теңіз» атты шығармашылық кеш өтті

17.01.2023 00:44

Іс-шараға әріптестері мен зиялы-қауым өкілдері, шәкірттері мен өнер жұлдыздары арнайы қатысты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ кинопедагогикасының негізін қалаған Ғанижамал Әбілдина 70 жасқа толды. Мерейлі мерейтой қарсаңында бүгін өзі талай жыл ұстаздық етіп келе жатқан Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында «Жүрек-теңіз» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға әріптестері мен зиялы-қауым өкілдері, шәкірттері мен өнер жұлдыздары арнайы қатысты. Кино және телевизия саласының көрнекті маманы шығармашылық жолында 100-ге тарта деректі фильмнің режиссері болды. Кинотуындылары әлемдік фестивальде үздіктер қатарынан көрініп жүр. Отандық медиа өндірісінде 200-ге жуық телехабар дайындап, эфирге шығарды. Бүгінде жеке шеберханасынан түлеп ұшқан шәкірттері ақпарат саласында жемісті еңбек етіп жүр.

«Жүрек-теңіз» деген атаудың өзі, біраз мағынаны білдіреді. Ғанижамал Әбілдина өнер саласына сондай-ақ кино әлеміне де сіңірген еңбегі көп», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дариға Тұранқұлова.

Сондай-ақ, мерекелік кеште автордың «Өнелегі өмір» деп аталатын кітабының тұсауы кесілді. Туындыда профессордың ғылыми мақаласы мен әр жерде жарық көрген материалы, журналистерге берген сұхбаттары топтастырылған.

«Кітаптың ерекшелігі – таңдаулы адамдардың өмірбаяны жазылған. Орыстарда «Жизнь замечательных людей» кітабы сияқты жарық көріп отыр. Ішінде жазылған кейбір ғылыми мақалалардың бәрі бір жерде жинақталған», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғанижамал Әбілдина.