Ақын, ғалым Бауыржан Жақып 60 жасқа толды
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, көрнекті ақын, ғалым Бауыржан Жақыптың 60 жылдық мерейтойына орай «Ақ лақ», «Жүректен қозғайын», «Білте шамның жарығы», «Жан даусы» атты кітаптарының тұсауы кесілді, деп хаюарлайды Almaty.tv.
Оған 1980 жылдан 2023 жылдың маусым айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ және орыс тіліндегі еңбектері енгізілген.
– Бір кітаптың тұсаукесері – перзентіңнің тұсаукесері сияқты ғой. Осы уақытқа дейін 22 кітап болса, 5 кітапты қосқанда, 30-ға жуықтады. Кітап саны көбейіп жатыр, демек оқырман саны да көбейеді, қуаныштымын! – деді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бауыржан Жақып.
Ақынның «Ақ лақ» атты жыр жинағының алғашқы бөлімінде балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына тіл үйретуге бағытталған өлеңдері топтастырылса, екінші бөлімінде мектеп оқушыларына арналған жырлар жарияланған. Ал «Жүректен қозғайын» атты кітабында әдеби-сын мақалалары, эсселері мен естеліктері енгізіліп отыр. Сондай-ақ «Білте шамның жарығы», «Жан даусы» атты жинақтары лирикалық сарындағы өлеңдермен өрнектелген.
– Іс-шара Алматы қаласы күндерінің аясына өтіп жатыр. Ақынның қазақ әдебиетінде орны ерек. Қызығы, өткен дәуірде жазушылардың ішінде Ғабит Мүсіреповті академик-жазушы дейтін, ал бұл кісі – академик-ақын, – деді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы фестивальде сан ғасырлық мұраны сақтаушылар бас қосты