Көрмеге Алматы музейінің қорынан 50-ден астам жәдігер қойылған
«Ерліктің өшпес даңқы». Жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Алматыда көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара Жеңіс күні аясында ұйымдастырылған. Онда ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайының және Алматы музейінің қорынан 50-ден астам жәдігер қойылған. Сонымен қатар экспонаттар арасында өзге де майдангерлердің құнды заттары бар.
– Қошқарбаевтың заттарын көзі тірісінде жинай алмадық. Қорда бар заттарын қойдық. Өзі пайдаланған жеке заттары жоқ. Көрме 1 аптаға созылады, – деді Алматы музейінің жетекшісі Бақберген Тайшиев.
– Мереке қарсаңында ғана айтып қоймай, насихаттау керек. Сондықтан да экспозицияның ашылуының басты тарихы маңызы – ұрпақ тәрбие беру, – деді тарихшы Арман Жұмаділ.
Оқи отырыңыз: Алматыда Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтті