Аталмыш фильм Бейбарыс Жұманиязовтың режиссер ретіндегі төл туындысы
Елімізде «Асаба құжаттамасы» фильмі прокатқа шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Режиссер Бейбарыс Жұманиязов өз жұмысында кез келген қылмыстың түптің түбінде ашылатынын көрсетеді. Детективті драманың сюжет желісі бірнеше жыл араға салып туған күнде бас қосқан ескі достар туралы құрылған. Кешке тамада да арнайы шақыртылады. Ол қонақтар үшін бұрын жасаған қателіктерін еске түсіріп, сол үшін сазайын тарту турасында арнайы ойын дайындаған. Басты рөлдерді Дархан Қайырбек, Әділ Есенболатов, Венера Нығматулина, Азат Сейтметов, Марат Сәрсенбаев, Дәурен Ақшабаев және Ғани Құлжанов орындаған. Жаңа фильмді көрермен еліміздің барлық кинотеатрларында бүгіннен бастап көре алады.
«Менің сценарийші ретінде фильмдерге сценарий жазып келе жатқаныма 10 жылдай болды. Әлі де аяқталмай жатқан 3-4 жұмысым бар. Былтыр «сценарийші ретінде өз қолтаңбам бар, енді режиссерлік тұрғыдан өзімді сынап көрсем қалай болады екен» деген ой келіп еді. Сондықтан да осы фильмді эксперимент ретінде түсіріп бастадым», – дейді режиссёр, сценарист Бейбарыс ЖҰМАНИЯЗОВ.