Президент Рухия Байдүкенованы жеңісімен құттықтады

20.07.2021 00:54

Сіздің бұл жеңісіңіз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасалған тамаша тарту болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Славянский базар» байқауында бас жүлде иеленген қазақстандық Рухия Байдүкенованы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Рухия Байдүкенованы «Славянский базар» байқауындағы сенімді жеңісімен құттықтаймын! Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен керемет өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі. Сіздің бұл жеңісіңіз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасалған тамаша тарту болды», – деп жазды мемлекет басшысы.