Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау
Ұлттық домбыра күні қарсаңында айтыскер ақын, жазушы Есенқұл Жақыпбектің 70 жылдығына арналған республикалық драматургтер байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау. Жиын барысында қатысушылар Есенқұл Жақыпбек туралы естелігін бөлісіп, суырып салма дарын иесінің өлеңдері оқылды. Былтыр жарияланған байқауға қатысуға 10-нан аса туынды түскен екен. Оның арасында үздіктерді анықтауға белгілі мәдениет қайраткерлері әділқазы болған.
«Осы күнге сәйкес келгеніне қуаныштымыз. Себебі алдымызда Домбыра күні келе жатыр. Есағаны ел-жұрт о баста қолына домбыра ұстап, айтысқа шыққанымен таныды», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі.
Оқи отырыңыз: «Алтын Орда» базарында тағы дау шықты