Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне арналған
6 наурызда Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем-көңіл! Мелодия Весны!» атты көрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Көктем-көңіл! Мелодия Весны!» атты көрме әйел және оның сұлулығын паш етеді. Көрмеде суретшілердің көркем картиналары, зергерлік бұйымдар, сәукеле және әйелдің заманауи бас киімдері, жібек пен киізден тігілген шапандар, ұлттық киімдер, қазақи қуыршақтар, Алматы қаласының символдары – апорт алмалары мен қызғалдақ қойылады.
Бұл көрмені ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық комиссиясы, Qazaq-Oner Ұлттық Қауымдастығы және «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретшілер қоры бірлесе ұйымдастырады.