Ғалым Алаш арыстарын зерттеумен қатар, шәкірт тәрбиелеумен де айналысқан
Бүгін әдебиеттанушы, ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің өзі тұрған үйіне мемориалды тақта қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бар ғұмырын әдебиетке арнаған қаламгердің артында көптеген еңбектері қалды. Ғалым Алаш арыстарын зерттеумен қатар, шәкірт тәрбиелеумен де айналысқан. Жиынға еліміздің қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Ұлтым деп өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің мәртебесін көтеру үшін, ұлттық әдебиетіміздің тарихын тереңдету үшін өмір сүрген адам. Тұлғаларды қазір қайта бағалап, танып жатқан XXI ғасырдың басында Тұрсекеңнің жасаған еңбегін ерекше тануымыз керек», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.