|
16.02.2024 | 20:07
389

Шәкен Айманов -110: «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы жаңа маусымын бастады

Киностудия биыл 9 фильм түсіреді

Шәкен Айманов -110: «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы жаңа маусымын бастады Almaty.tv

«Қазақфильм» ұлттық киностудиясы жаңа маусымын бастады. Салтанатты ашылу рәсімі қазақ киносының майталманы Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік кешке қатысқандар киностудияның биыл түсіретін 9 фильмімен танысты. Іс-шара ұйымдастырушылары мұндай маусымашар сала мамандары мен қалың көрермен үшін маңызды деп атап өтті.

– Мақсат – жай ғана датаны атап өту емес, көрермендерге дұрыс информацияны және биылғы түсірілетін киноларды жеткізу. Көрермен бізден не күтеді, болашақта қандай кинолар түсіріледі, қандай жобалар болады, соның барлығын көрермен біліп отыруы тиіс, – деді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды.

Салтанатты іс-шара қатысушылары киностудияның жаңа жоспарына зор үмітпен қарайтынын айтты. Жас киногерлердің айтуынша, отандық кинематографияда ұлттық мәдени мұраларды сақтай отырып, жаңашылдық енгізу тиіс.

– Қазақ киносының басшылары, министрлік жақсы бір әңгімені бастады. «Қазақфильмді» көтеріп, бұрынғы деңгейіне жеткізу керек. Ол – Шәкеңдер, Қожықовтар, Қарсақбаевтар, Бегалиндер көтерген деңгей. Соған қазіргі жастар, Шәкеңнің шәкірттері жеткізетін болса, көрермендердің арманы жоқ, – деді Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай.

Оқи отырыңыз: Бабалар ізімен: Астанада дін мен қазақтың дәстүрін дәріптейтін кітаптың тұсауы кесілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир