Қазақстандық Моцарт: Рахат-би Әбдісағын Оксфордта өнер көрсетті

31.10.2023 01:11

Ол 31 қазанда Батыс елдері жоғары оқу орындарының шақыртуымен Тюбинген университетінде дәріс оқиды

Almaty.tv

«Қазақтың Моцарты» атанған Рахат-би Әбдісағын Оксфордта өнер көрсетті. Музыкант онда «Кванттық механика және заманауи музыка» деп аталатын шығармалар жинағының тұсауын кескен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас өнерпаздың қошеметке бөленгені соншалық, көрермен залында бос орын қалмай, тіпті концертті тұрып тыңдағандардың қатары көп болған. Рахат-би Әбдісағын 31 қазанда Батыс елдері жоғары оқу орындарының шақыртуымен Тюбинген университетінде дәріс оқиды.

Айта кетейік, Рахат-Би Әбдісағын – 100-ден астам туындының авторы. Оның шығармалары фортепианомен орындалатын музыкалардың дүниежүзілік қоржынына еніп, әлемнің әйгілі концерт залдарында ойналады. Ал шығармаларының тұсаукесері тек елімізде емес, Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Сеул, Анкара, Стамбұл, Мәскеу сынды қалаларда өткен.

Айта кетейік, ол музыка жазып орындаумен қатар, ғылыми зерттеулермен де айналысып жүр.  

Оқи отырыңыз: Біржан-Сара ізімен: Айтбек Тұрсынбай мен Бибігүл Тілебалдинова айтысты