Күн тәртібіне енгізілген 13 ұсыныстың 7-еуі бірауыздан қолдау тапты
2019 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Комиссия отырысына Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмаш, Алматы қаласы әкімінің аппараты тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының басшысы Мамай Ахет, «Алматыбасжоспар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі институтының кеңесшісі Жанат Айтілеу, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев, мүсінші Нұрлан Далбай, ҚР Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстембеков және т.б. комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне енгізілген 13 ұсыныстың 7-еуі бірауыздан қолдау тапты.