Алматыда жедел жәрдем қызметі 6 жаңа көлікпен толықты

Алматыда жедел жәрдем қызметі 6 жаңа көлікпен толықты
Алматыдағы қантөгісте жалпы саны 33 жедел жәрдем көлігі зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік астанамыздың жедел жәрдем қызметі су жаңа 6 көлікпен толықты. Бұл игі істің бастамашылары болған «Астана Моторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі медицина қызметкерлеріне жалпы 10 көлік тарту етті. Олардың 6-уы Алматы қаласына табысталса, 4-еуі Алматы облысы мен Шымкент қаласына берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

   

«Біз «Қазақстан халқына» қорына 550 миллион теңге қаражат бөліп жатырмыз. Жалпы, Нұрлан Смағұловтың қоры жылдар бойы осындай әлеуметтік салаларға көмегін көрсетіп келеді», – деді Н. Смағұлов қорының директоры Айдын Сұлтанов.

Алматыдағы қантөгісте жалпы саны 33 жедел жәрдем көлігі зардап шекті. Соған қарамастан медицина қызметкерлері, әсіресе жедел жәрдем қызметі өз жұмысын тоқтатпапты. Керісінше, резервте тұрған көліктерді жұмылдырып, жараланғандарға тиісті медициналық көмек көрсеткен.  

«Зардап шеккен көліктердің 4-уі мүлдем жарамсыз болып қалды. Жаңа берілген көліктердің біз үшін атқаратын қызметі мол болмақ. Себебі қазір індет өршіп тұрған тұста, шақыртулар көп. Сондықтан бұл – біз үшін үлкен көмек», – деді қалалық медициналық жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев.

Новости партнеров