Алматыда 50-ге жуық мәдениет қызметкері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

29.05.2022 01:20

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ғacebook парақшасында жазды

Дәурен Абаев/facebook

Алматы қаласында 50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін Ару шаһарымыз Алматы төрінде «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І Мәдениет форумын өткіздік.

Еліміздің барлық өңірінен келген сала өкілдерінің, зиялы қауымның басын қосқан іс-шара мәдениет пен өнер төңірегіндегі көптеген түйткілді мәселені ортаға салды.

Өзекті тақырыптарды батыл көтеріп, болашақ рухани бағыт-бағдарымызды ашық талқылаған спикерлерге ерекше алғыс айтамын. 

Форум аясында Президентіміздің Жарлығымен бекітілген 50-ге жуық әріптесімізге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын салтанатты түрде табыстадық.

Аталған марапат салаға бар саналы ғұмырларын арнаған нағыз мәдениет майталмандарына берілді», - деп жазды Дәурен Абаев.

Форум ары қарай министрліктің Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған ашық аспан астындағы тұңғыш кітап жәрмеңкесімен жалғасты.