Almaty.tv студиясында «Отан» әнінің тұсауы кесілді

22.01.2022 01:22

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әннің авторы – Аққу Байжігіт

«Қаралы қаңтар» қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. 30 жылдық тарихымызда болмаған дүрбелең дүйім жұртты дүрліктірді. Ел өзегіне өрт түскенде, бейбіт күннің қадірін түсіндік. «Жаңа Қазақстанға» бет алған мемлекеттің әр тұрғынының жүрегі «Отан» деп соқса, елім деп, жерім деп егіліп тұрса, болашағымыздың жарқын болары сөзсіз. Осындай тұста елдің рухын көтермекке Аққу Байжігіт ағамыз Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Отан» әнін шығарған екен. Туындының тұсауы Almaty.tv студиясында кесілді.