Онда Ресей мен Кубадан арнайы шақыртылған әртістер өнер көрсетті
Қазақ Мемлекеттік Циркінде халықаралық бағдарламаға енген жаңа қойылым басталды. Шығыс циркі ертегі түрінде, шығыстың әуезді музыкасымен әрленіп, көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Аталмыш қойылымның бір ерекшелігі - мұнда Ресей мен Кубадан арнайы шақыртылған әртістер өнер көрсетті. Олар көз жауын алатын костюмдерімен, түрлі іс-қимылдарымен қатысушыларды баурап алды.
«Биыл Қазақ мемлекеттік циркінің табысы мол. Қоржынымыз, әр фестивальден толығып отырды. Мәскеуден бастап, Минскіге дейін барып біздің нөмірлеріміз жақсы жүлдемен келді. Жүлдемен қайту деген үлкен жетістік. Біздің азаматтарға, артистерге дүниежүзілік сахнада ел түрегеп тұрып қол соқса, өз елімізде неге көрсетпеске?!», - деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт БӨКЕБАЕВ.