Алматыға Ықылас Дүкенұлы қолданған қобыздың көшірмесі жеткізілді

11.02.2023 01:26

Тарихи жәдігер мегаполистегі халық музыкалық аспаптар музейіне қойылды

Almaty.tv

Алматыға Тараздан Ықылас Дүкенұлы өзі қолданған қобызының алғашқы көшірмесі жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тарихи жәдігер мегаполистегі халық музыкалық аспаптар музейіне қойылды. Дәулескер күйші, қобызшы – қазақтың ұлттық ыспалы аспапты музыкасының көрнекті өкілдерінің бірі саналады. Ол қобыз дыбысының нақты, әрі айқын шығуына себепкер болған. 19 жасында бірінші күйін жазып, оны «Ықылас күйі» деп атаған. Қобызшы – құнды деректерін кейінгі ұрпаққа қобыздың үнімен жеткізген ерекше тұлға.

«Ықылас атаның түпнұсқа қобызында ойнағанда, оның даусы далаға да естіледі. Онда сиқыр бар, құпия бар. Қобызды Қазақ хандығының 550 жылдығы кезінде ойнағанда далада боран болып кеткен. Сондықтан бұл қобыз қасиетті, қастерлі», – деді  Ықылас Дүкенұлының ұрпағы, қобызшы Ақнар Тәттібайқызы.