Іс-шарада қалалық кезеңнен топ жарған оқушылар мен үздік деп танылған тәлімгерлер анықталды
Бүгін Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінде 55-ші қалалық жас музыканттар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-шарада қалалық кезеңнен топ жарған оқушылар мен үздік деп танылған тәлімгерлер анықталды.
«Жиырмаға жуық өнерпаздың ішінде 50-ге тарта күйді шертіп, әуелетіп ән айтатындар, мың бұралып билейтіндер де баршылық» дейді ұйымдастырушылар.
«Байқауымыздың негізгі мақсаты – қатысушыларымыздың қаншалықты талантты екенін анықтау. Оның үстіне өнерлі балалардың ел алдына шығып, көпшілікке концерт қоюы да олардың шабытын шыңдай түседі», - деді М.Төлебаев атындағы музыка мектебінің директоры Сергей Романов.