#Abai175: Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны қабыл алды (ВИДЕО)

12.07.2019 01:47

Игорь Крутой эстафетаны ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетовке жолдады

Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Осы эстафетаны ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетовке жолдаймын»,- деп жазады Игорь Крутой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.