|
14.03.2023 | 20:49
1042

Бикен Римованың туғанына 100 жыл толды

60 жылға жуық өмірін өнерге арнаған талантты актриса 170-тен астам рөлді сомдаған

Бикен Римованың туғанына 100 жыл толды inform.kz

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса – Бикен Римованың туғанына 100 жыл. Мерейтой аясында Талдықорған драма театры Алматы метросында жылжымалы көрме өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда Бикен Римованың әр жылдары алған марапаттары, өзі қолданған заттары мен сахнаға киген костюмдері қойылған. Сондай-ақ театр және кинода сомдаған сүбелі рөлдерінен сыр шертетін жеке фотосуреті бар. 60 жылға жуық өмірін өнерге арнаған талантты актриса 170-тен астам рөлді сомдаған.

«Бүкіл өмірін, білгені мен түйгенін өнерге арнаған ардақты апамыз. Мінез-құлқы да, жүріс-тұрысы да, айтқан сөзі де, жазған жазуы да ұлтына, қазағына деген ұлы махаббатпен өрілген болатын. Біз көзін көрдік. Қасында жүрдік. Көр нәрсе үйрендік. Бұл кісінің салиқалы, сабырлы, бәйбішеге тән мінезі тәнті қылатын. Көрсең көзің тоятын асыл анамыз еді», – деді  Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир