Жиынға қалалық білім басқармасының басшысы, жазушылар мен ғалымдар, майталман ұстаздар қатысты
Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы ұлықталып, рухына тағзым етілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматыдағы №140 мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен «Қазағым сағынды, рас, мұзбалығын» атты мерекелік іс-шара өтті.
Айтулы жиынға қалалық білім басқармасының басшысы, жазушылар мен ғалымдар, майталман ұстаздар қатысты. Ал мектеп ұжымы мен оқушылары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, сахналық қойылым әзірледі.
«Ақынға деген құрмет-сезімімізбен осы бір айтуылы шараны өткізуді мақсат етіп отырмыз. Дәл осы шараға дайынды барысында тұтас ұжым, оқушыларымыз бен ұстаздарымыздан бөлек, ата-аналар қауымы да белсене атсалысып жатыр. Бұл шараға дайындық ерте басталды. Жарты жыл көлемінде дайындық жұмыстарын жүргіздік», - деді М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының мұғалімі Дәурен Сағынғалиев.