Театрда карантин шаралары қатаң сақталып, келушілер 50 пайызға қысқарған
Мемлекеттік қуыршақ театрында әлемге әйгілі «Күлше қыз» ертегісі сахналанды, хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Премьерада ғажайып оқиғалар болып, түбінде жақсылық жеңіске жететіні насихатталады. Қызықты әрі шытырман оқиғаларды қамтитын қойылым мен әсем әндер кішкентай көрермендерге ұмытылмас мерекелік көңіл күй сыйлады.
«Қойылымды 9 актер алып шықты. Олардың ішінде ханзада, Күлше қыз, фея, өгей ана мен апалы-сіңлілер және қуыршақтарды қараңғы бөлмеден ойнатқан 5-6 адам бар», - деді Мемлекеттік қуыршақ театрының режиссері Антон ЗАЙЦЕВ.
Театрда барлық карантин шаралары қатаң сақталы,п келушілер 50 пайызға қысқарған. Сондай-ақ театр ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек балаларға қайырымдылық ретінде тегін көрсетілімдер ұйымдастыруды қолға алған.
«Бұл ертегі жаңа интерпретацияда жаңа режиссерлік шешіммен көрерменге жол тартуда. Аталмыш қойылым бүгіннен бастап 20 жетоқсан мен 2021 жылдың 10 қаңтар аралғында көрермен назарына ұсынылады», - деді қуыршақ театрының әкімшілік және ақпарат бөлімінің жетекшісі Гүлім КӨПБАЙҚЫЗЫ.