Алматыда Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған форум өтті
Almaty.tv
Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әуезді әндер шырқалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Жігерлендіру». Алматыда осындай атаумен Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұлттық құндылықтар ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілген жиынға қоғам қайраткерлері мен белсенділер қатысты. Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әуезді әндер шырқалды.
«Жастардың лебізі ретінде жастарға рух, жігер беру мақсатында Мұхтар ағамыздың мерейтойына арналған «Жігерлендіру» атты форумын өткізіп жатырмыз. Шараның басты мақсаты – Мұхтар ағамыздың шығармашылығын дәріптеу, насихаттау, оның кезінде мемлекеттік қызмет саласындағы істерін тілге тиек ету», – деді Ұлттық құндылықтар ассоциациясының құрылтайшысы Азамат Жолданбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06