Онда 57 суретші мен мүсіншінің 100-ге жуық туындысы қойылған
Бүгін Алматыда Оспан батырдың 120 жылдығына арналған «Тұран романтизмі» атты бейнелеу өнерінің көрме-байқауы ашылды. Онда 57 суретші мен мүсіншінің 100-ге жуық туындысы қойылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Басты талап - ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлының бейнесі мен сол замандағы көріністі айқындау. Көрме Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын нәсихаттау, ел тәуелсіздігін ұлықтау, елім деген ерен тұлғаларды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылуда.
«Тұран романтизм» деген тақырып қой, ішінде сурет өнері, ою өнері бар. Оспан батырдың заманындағы қазақ жауынгерлерінің, батырларының ел тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен. ауыр кезеңді бейнелейді», - дейді «Ер жәнібек» қоғамдық қорының президенті Жеңіс ТҮРКИЯ.
Әбілхан Қастеев атындағы музейінде өтіп жатқан көрме 28 қазан дейін жалғасады. Арнайы тағайындалған білікті қазылар алқасы сарапқа салып, жүлделі жүйріктерді анықтайды. Көрменің қортындысы 25 қазанда анықталып, жүлдегерлер марапатталады.