|
30.10.2020 | 21:27
7265

Алматының ескі әуежайы саналатын VIP-терминал алдағы уақытта мұражайға айналуы мүмкін

Алматы Халықаралық әуежайының VIP-терминалын сүруге байланысты талқылауға қоғамдық кеңес мүшелері де қатысатын болды

Алматының ескі әуежайы саналатын VIP-терминал алдағы уақытта мұражайға айналуы мүмкін Almaty.tv

Алматы Халықаралық әуежайының VIP-терминалын сүруге байланысты талқылауға қоғамдық кеңес мүшелері де қатысатын болды. Олар құрылыс жұмыстары барысыныда өз ойларын ортаға салып, түрік ағайындармен бірге ақылдасу жұмыстарын жүргізеді. Мақсат – ондағы қала тарихынан сыр шертетін көне ғимараттағы экспозияциясын сақтап қалу. Олардың айтуынша, Кеңес одағы кезінде біркелкі жоба саналған ғимарат өз құнын жоғалтпауы тиіс. Көптің талқылауына түскен әуежайдың құрылысы қашан басталады? Түрік ағайындардың жаңа әуежай салудағы мақсаты қандай? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын тарқатады.

Ескі әуежай саналатын бұл Вип терминал 1955 жылы тұрғызылған. Көптің талқылауына түскен бұл ғимарат әуежайдан шамаман 300 метрге ары көшірілетін болды. Кейіннен ол қазақ авиациясының тарихынан сыр шертер мұражайға айналмақ. Орнына халықаралық стандарттарға сай жаңа әуежай салынатын болды.

«2010 жылдары комиссияның ұйғарымымен жергілікті жердің тізімінде тұрған ескерткіштер тізімінен алынып тасталды. Бәрібір ол біздің тарихымыз. Оны бұзып тастау, алып тастау мәселесіне келген кезде комиссияның, халықтың ойын тыңдау қажет деп есептейміз», – деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Қанат Тұяқбаев.

Қазіргі Алматы халықаралық әуежайы 1 жылда 7 млн адамға қызмет көрсетеді екен. Ал, Түрік ағайынның  жаңа әуежайды ашудағы мақсаты –  ол көрсеткішті 2-3 есеге дейін ұлғайту болып отыр.  

«Бұл жерде ескі әуежайды сүріп алып тастайды деген әңгіме болып отырған жоқ. Тек оны қазіргі әуежайдан ары орналасады. Елімізде Қазақстандық авиация саласын даму жолын көрсететін мұражай жоқ. Егер мұражай ретінде көпшілікке есегін ашса, таптырмас шешім болар еді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, архитектор Сайран Фазылов.

Жаңа әуежайды салу үшін олар инвестиция құюға дайын. Десе де оның жобасын әзірлеуге халықаралық әлде қазақстандық сәулетшілердің қатысатыны әзірге белгісіз. Десе де қоғамдық кеңес мүшелері ол Қазақ жерінде бой көтергеннен кейін отандық сәулетшілері айналысуы керек деген пікірде.

«Атақты сәулет кешені Жапонияның олимпиадалық орталығы саналатын 1964 жылы салынды. 2015 жылы Олимпиада ойындарын өткізу қажеттілігіне байланысты ол бұзылды. Біздегі қазіргі жағдай да осы секілді. Бұл әлемде де орын алып отыр. Сондықтан да қалыпты жағдай. Біз бұған келісуіміз керек», – деді «ҚАЗҚАЙТАЖАҢҒЫРТУ» РМК ғылыми зерттеу және жобалау филиалының директоры Сәдуақас Ағытаев.

Көптің талқылауына түскен жаңа әуежайдың құрылысы қашан басталаты әзірге белгісіз. Түрік ағайындар инвестор тауып, жұмысты бастауға дайын отырғанымен, бір жақты шешім қабылданбады.

Ұлағат Арғынұлы, Ғани Қалуов «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир