Бүгін елордадағы «Қазмедиа» орталығында көрсетілімі өтті
Қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. «Большая маленькая жизнь» деп аталатын туындыда әйел адамның тағдыры негізгі тақырыпқа алынған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аяла есімді кейіпкер бала жасынан жетім қалады. Есейіп өз отбасын құрған соң өмірлік жарынан да айырылады. Одан кейінгі ғұмыры да өкінішпен жалғасады. Жалпы кино сценарийі өмірден алынған хикаялардан құрылған. Сюжеттік желіcі ретінде еліміздің мақтанышына айналған «Барыс» хоккей клубы алыныпты. Фильм мелодрама жанрында. Бүгін елордадағы «Қазмедиа» орталығында көрсетілімі өтті.
«Бұл кино көрермені риза болатынына сенімдіміз. Өйткені ойландыратын кино. Маңызы бар. Ой бар. Киноның режиссері – Жеңіс Тұматаев. Басты рөлдерде –Сергей Погосян, Бөпеш Жандаев, Әсел Қалиева, Жандос Айбасов, Санжар Мәди сияқты актерлер…», – деді «Большая маленькая жизнь» фильмінің продюсері Азамат Мұратов.