Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқарады

02.08.2024 02:35

Мәдениет министрлігі «Қазақфильмге» қатысты мәлімдеме жасады

Almaty.tv

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты «Қазақфильмнің» бұдан былайғы тағдырына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды» — делінген хабарламада.

Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады.

Бұған дейін Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті қызметінен кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Jas Almaty: жастар күніне орай 60-тан астам іс-шара өткізіледі