Алматыға Тахауи Ақтанов атындағы облыстық драма театр әртістері гастрольдік сапармен келді
Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында ақын Светқали Нұржанның Ер Едіге этно-фольклорлық тарихи қойылымы көрермен назарына ұсынылда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қойылым Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты көрермен назарына ұсынылып отыр. Тахауи Ақтанов атындағы облыстық драма театр әртістері гастрольдік сапармен Қызылорда, Шымкент қалаларында болған. Айта кетейік, ұжым 5 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өнер көрсетеді.
«Келешек ұрпаққа танымыдық тұсы мол. Ер Ерігенің Алтын ордаға әмір жүргізген соңғы оқиғалары баяндалады. Сондықтан қойылым тек қазақ емес, түркі халықтары үшін маңызды», – деді Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Мейрам Хабибуллин.
Ел қамын жеген Ер Едігенің есімін ұлықтап, ерлігін дәріптеу мақсатында Данияр Базарқұловтың режиссерлігімен сахналанған ақын Светқали Нұржанның «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы бүгінде көрерменнің көңілінен шыққан. Айта кетейік, Ер Едіге қайсар мінезді қолбасшы, Алтын Орданың соңғы әмірі болған. Ел билеуші Едігенің есімі ел аузында ұрандалып, ұрпақтар санасында елдік мүддені сақтап қалудағы батылдықтың үлгісі болып қалыптасты. Халқының бостандығы үшін өмірін қиған, жүрек жұтқан батырдың теңдессіз еңбегі мен ерлігі тарих бетінде мәңгілікке сақтала бермек.