Баян Алагөзова XXXXL өлшемді киім киетін жас жігіт іздеп жатыр

30.07.2019 02:56

Жаңа фильмдегі басты рөл үшін аса ірі өлшемдегі кейіпкер қажет

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова өзінің жаңа жобасындағы басты рөлдердің біріне кастинг жариялады. Түсірілімге 60 өлшемді киім киетін жас жігіт керек, деп жазады sputniknews.kz.

«Достар, толықметражды фильм түсіру үшін басты рөлдердің бірін сомдаушыны іздейміз. Егер сіздің өлшеміңіз XXXXL (60 өлшемді) болса және қатты танымал болғыңыз келсе, жасыңыз 30-дан аспаса, сізді кастингте күтеміз. Алайда алдымен өз парақшаңызда #япончиккз хэштэгімен фотоңызды жүктеңіз және телефон нөміріңізді қалдыруды ұмытпаңыз. Бәріңізге сәттілік!», - деп жазды Алагөзова.

Айта кетейік, талап етіліп отырған өлшемдегі актер Қазақстанда бар – Фархат Әбдірайымов. Бірақ биыл ол 53 жасқа толады.