Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алдағы жоспарын бөлісті
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қыркүйек айында бірден 5 қойылым мен 5 премьераның тұсауын кеспек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін актерлік құрам театрдың 76-жаңа маусымына дайындалып, алдағы жоспарын бөлісті. Сондай-ақ, басқосуда өткен жылды қорытындылап, рухани азық іздеген жанға жаңа маусымда жаңалықтар көп болатынын мәлім етті.
«Бұл жылды қыркүйек айында ашамыз. Арнайы ертерек ашамыз. Одан кейін жаңа спектакль мен премьералар ойнаймыз. Ол «Қарагөз» спектаклі болады, ол «Қар қызы» спектаклі және «Король Лир» спектаклі, «Көйлектер тартысы» балаларға арналған, Төлек Әбдіктің «Біз үшеу едік» деген пьесалары. Сол пьесалармен біз бұл жылды, жаңа жылға дейін қойып үлгеруіміз керек», – деді Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды.